Компания Meta «сионист» сөзі бар жазбаларды жояды.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Facebook, Instagram және WhatsApp желілерінің иесі Meta Platform компаниясы «сионист» сөзі бар жазбалардың жойылатынын мәлім етті.
Facebook, Instagram және WhatsApp желілерінің иесі Meta Platform компаниясы «сионист» сөзі өшпенділік пен қорлау мағынасында қолданылатын жазбалардың жойылатынын хабарлады.
Meta сайтында жарияланған мәлімдемеде «сионист» сөзінің қолданылуына қатысты кеңесулерден кейін осы ережеге өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданғаны жазылған.
Мәлімдемеде сонымен қатар: «Яһудилер мен израильдіктерге қарсы «зорлық-зомбылыққа шақыру» аясындағы «сионист» сөзін қолдануға жол берілмейді» деп айтылған. Егер бұл сөз «саяси қозғалысқа байланысты» болса, бөлісуге рұқсат етілетіні атап өтілген.












