Дохада Газа секторында атысты тоқтату туралы келіссөздер қайта жанданды.
Еуразия Тудейдің Sputnik агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, кеше, сәрсенбі күні Дохада Газа секторында атысты тоқтату және Хамас пен Израиль арасында тұтқындармен алмасу туралы келіссөздер басталды. Келіссөз Мысыр, Қатар, АҚШ және Израиль делегацияларының қатысуымен өтуде. Едиот ахронот басылымы жоғары лауазымды тұлғалардың сөздеріне сілтеме жасап, келіссөздің бірнеше аптаға созылуы мүмкін екенін жазды.
Дохадағы кездесуде екі тарап келіспейтін мәселелер талқылануда. Келіссөздердің қайта басталатыны 4 шілдеде белгілі болды.
Израиль Газада кепілге алынған тұтқындарды босатуға мүдделі. Хамас соғыс қимылдарын толығымен тоқтатуды және Израиль әскерлерін сектордан шығаруды талап етуде. Палестиналық анклавтың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Газа секторында Израиль әскерінің шабуылдарынан қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты. Министрліктің дерегінше, жараланғандар саны шамамен 88 мыңға жуық.




















