Иранның Натанз ядролық орталығында бірлескен жаттығулардың алғашқы кезеңі басталды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Натанз ядролық орталығының әуе қорғанысы шынжырында «Айбын -1403» бірлескен жаттығулардың алғашқы кезеңі Иранның әуе қорғанысы базасы Хатам әл-Әмбияның қолбасшысы бригада генералы Қадир Рахимзаденің бұйрығымен басталды.
Иранның Сақшылар корпусының әуе ғарыш күштері әуе қорғанысының бірліктері жаттығудың бұл кезеңінде шәһид Ахмади Роушан атындағы ядролық нысанның бір бөлігін қиын электрондық соғыс жағдайында әуедегі қалың қауіп-қатерден қорғау үшін жан-жақты қорғаныс әрекеттерін жүзеге асырады.













