Иран Президенті Масуд Пезешкиан жақын күндері Тәжікстан мен Ресейге сапармен барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы және Тегеранда Ирак премьер-министрін қабылдайтыны туралы Пезешкианның саяси істер бойынша кеңесшісі Меһди Санаи Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды:
“Доктор Пезешкиан желтоқсанның сегізі күні екіжақты байланыс пен аймақ мәселелерін қарастыру үшін Тегеранда Ирак премьер-министрі әс-Суданиді қабылдайды. Владимир Путин мен Эмомали Рахманнан шақыру хаттары келді. Қаңтар айының ортасында Тәжікстан мен Ресейге барады. Қарым-қатынасты кеңейту мақсатында көптеген құжатқа қол қойылады”.
















