Индонезия 6 қаңтардан бастап БРИКС-ке қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде қосылды.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы 1 қаңтар күні қауымдастықтың төрағасы болған Бразилия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылды.
Мәлімдемеде: “Бразилия Үкіметі 6 қаңтардан бастап Индонезия Республикасының БРИКС-ке толыққанды мүше ретінде ресми түрде тіркелгенін хабарлайды», — деп айтылады.
Сондай-ақ, мәлімдемеде Индонезияның кандидатурасы 2023 жылдың тамыз айында Йоханнесбургте өткен саммитте мақұлданғаны айтылған.
Құжатта: “Бразилия Индонезия Үкіметін БРИКС-ке қосылуымен құттықтайды. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең көп халқы бар және ең ірі экономикаға ие Индонезия қауымдастықтың басқа мүшелерімен бірге жаһандық басқару институттарын реформалауды жақтайды. Жаһандық оңтүстіктегі ынтымақтастықты тереңдетуге оң үлес қосады”, -деп жазылған.
Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап Индонезия, Беларусь, Қазақстан және Өзбекстан БРИКС серіктестері мәртебесіне ие болды.
Өткен жылы ұйымға Мысыр, Иран, БАӘ және Эфиопия елдері қосылған болатын.



















