НАТО Бас хатшысы Марк Рютте «төрт мемлекетке қарсы коалиция» құрылатынын хабарлады.
НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте Fox News арнасына берген сұхбатында Анкарада өтетін альянстың алдағы саммитіне 32 мүше елден басқа мүше емес тағы он ел қатысатынын мәлімдеп, оны «төрт мемлекетке қарсы коалиция» деп атады.
Рютте коалицияның төрт ел: Қытай, Солтүстік Корея, Иран мен Ресейге қарсы серіктестік жасайтынын айтып, 42 мемлекет осы саммит барысында ортақ нәтижелерге жетеді деген сенім білдірді.
НАТО-ның Бас хатшысы Иранға қарсы соғыста Америкаға серіктестік танытқанын мойындап: «Иранның ядролық қаруға қол жеткізуі аймақ үшін апатты болады» деген уәж айтып, «Эпикалық қаһар» операциялары үшін өздерінің базаларын Америкаға қолжетімді еткендерін мойындады.
НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте Fox News арнасына берген сұхбатта Америка президентінінің соғысқұмар ұстанымын қолдап: «Трамп Иранға жасалуы тиіс істі жүзеге асырды. Оның келісім жаққа қазіргі бағыты дұрыс. Еуропалық одақтастар қазіргі таңда минадан тазарту үшін Ормұз бұғазына жақын маңда әскери техникаларын орналастырып жатыр»,- деді.
Айта кетейік, НАТО саммиті 7-8 шілдеде Анкарада өтеді.
Саммиттің күн тәртібінде әскери бюджетті арттыру, қорғаныс және қауіпсіздік салаларында қорғаныс өндірісін нығайту, инвестицияларды күшейту, Украинаны әскери қолдауды жалғастыру мәселелері бар.















