Американың бұрынғы жоғары лауазымды өкілі Нейт Свонсон Дональд Трамптың Ирандағы саяси жүйені трансформациялауға шамасы жетпейтінін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың бұрынғы жоғары лауазымды өкілі Нейт Свонсон бұл қақтығыста Тегеранның жеңіске жеткенін мойындады.
Свонсон АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран билігін өз дегеніне көндіріп, жүйесін өзгерте алмайтынын атап айтты.
Сарапшының пікірінше, Иран ұрыс даласында берілмегені сияқты, келіссөздерде де Ақ үйдің айтқанына көнбей, әскери қақтығыста өз позициясын қалай қорғаса, келіссөз үстелінде де АҚШ әкімшілігінің шарттарына солай қарсы тұрмақ.
Свонсон: «Иран келісімдерге тек өз мүдделеріне сай жағдайда ғана қол қояды»,- деді.
АҚШ-тың бұрынғы жоғары лауазымды өкілінің айтуынша, бұл құжаттардың ауқымы тар. Олар тек іс жүзіндегі кейбір мәселелерді реттеуге ғана бағытталады.
Бұған дейін CNN телеарнасы АҚШ президентінің бір-біріне қайшы әрі жүйесіз мәлімдемелері оның Иранмен қалай болғанда да бітімге келуге мүдделі екенін білдіретінін хабарлады.

















