Eurasiatoday
Суббота, 28 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Непалдағы алапат су тасқыны мыңдаған баланы босқынға айналдырды

  • Бүгінгі күннің басты жаңалығы
  • 28 августа, 2026 10:55

Loading

26 тамыздағы Непалдың Расува, Нувакот және Дхадинг аудандарына соққан жойқын су тасқынынан кейін кемінде 17 мың бала шұғыл көмекке мұқтаж болып отыр.

Еуразия Тудейдің БҰҰ ресми сайтындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы кеше, тамыздың 27, бейсенбі күні БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) хабарлады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш «Біріккен Ұлттар Ұйымы ресурстар мен гуманитарлық топтарды жұмылдыруда. Біз халыққа шұғыл көмек көрсету бойынша ұлттық биліктің күш-жігерін қолдауға міндеттеме аламыз», – деді.

Тақырыпқа орай:

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026

Бас хатшының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Том Флетчер X платформасында зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін Төтенше жағдайларға әрекет ету орталық қорынан алғашқы 2 миллион доллар бөлгенін хабарлады.

Су тасқыны үйлерді, мектептерді және ауруханаларды қиратты

Алдын ала мәліметтер бойынша, Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат 350-ден астам адамның өмірін қиды, олардың ішінде кемінде 14 бала бар. Тағы 1300-ден астам адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Іздестіру-құтқару жұмыстарының жалғасуына байланысты қаза тапқандар саны артуы мүмкін деп күтілуде.

ЮНИСЕФ-тің Непалдағы өкілі Элис Акунга: «Расува мен Дхадингтегі балалар бірнеше минуттың ішінде су тасқыны олардың үйлерін, мектептері мен медициналық мекемелерін қиратып, үйреншікті өмірлерін шайып кеткенін өз көздерімен көрді. Балалар арасында қаза тапқандар бар, көбі жақындарынан айырылды», – деді.

Оның айтуынша, апаттан аман қалған балаларға енді аурулар, тамақтанбау, зорлық-зомбылық және эксплуатация қаупі төніп тұр. ЮНИСЕФ зардап шеккен аудандарда жұмыс істеп, көмек ауқымын кеңейтуде, алайда ұйымға қосымша ресурс шұғыл түрде қажет. БҰҰ Балалар қоры осы мақсаттарға 17,2 миллион доллар сұрады.

Тұтас аудандар сыртқы әлемнен бөлініп қалды

Жойқын су тасқыны тұтас елді мекендерді шайып кетті немесе сыртқы әлемнен бөліп тастады. Жолдар, көпірлер, гидроэнергетикалық объектілер, сумен жабдықтау жүйелері және телекоммуникация желілері қатты зақымданған.

Көптеген аудандарға қатынау мүмкін болмай отырғандықтан бұл маңызды көмекті жеткізуді қиындатады. Кем дегенде төрт медициналық мекемеге елеулі нұқсан келді. Бұл балалар мен олардың отбасыларының медициналық көмек алуын шектеді.

Мыңдаған бала мектепсіз қалды

Су тасқыны 18 мектепті толығымен қиратты, тағы 20 мектепке зиян келді. Өзен жағалауына жақын орналасқан ондаған білім беру мекемесіне әлі де қауіп төніп тұр.

Апат салдарынан мектеп жасындағы 10 мыңға жуық бала білім беру саласында шұғыл қолдауға мұқтаж. Олар үшін уақытша оқу орталықтарын құру, оларды оқу материалдарымен қамтамасыз ету қажет. Балалар мен мұғалімдерге психологиялық көмек те ауадай қажет.

ЮНИСЕФ-тен шұғыл көмек

Непал үкіметімен және гуманитарлық серіктестермен ынтымақтаса отырып, ЮНИСЕФ денсаулық сақтау, тамақтану, сумен жабдықтау, санитария мен гигиена, сондай-ақ білім беру, балаларды қорғау және әлеуметтік қолдау салаларындағы көмек көрсету операцияларын кеңейтуде.

Жақын күндері зардап шеккен аудандарға медициналық шатырлар, масадан қорғайтын торлар, жаңа туған нәрестелерге арналған жиынтықтар және тамаққа жарымайтын балаларға арналған емдік тағамдар жеткізіледі. Мыңдаған отбасы шұғыл гигиеналық жиынтықтарды алып үлгерді.

Бұдан бөлек, онда психологиялық көмек көрсету жөніндегі мамандар тобы жіберілді. ЮНИСЕФ сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен немесе отбасыларынан айырылып қалған балаларды анықтауға және тіркеуге көмектесуде.

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
НАТО Украина арқылы әлемдегі әскери қауіпсіздікке қатер төндіруде

НАТО Украина арқылы әлемдегі әскери қауіпсіздікке қатер төндіруде

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
“Алғыс айту” күні — Американың байырғы халқын қырып-жою мерекесі

“Алғыс айту” күні — Американың байырғы халқын қырып-жою мерекесі

27.11.2026
Үш елдің министрлері «Мекке келісімін» Исламабадта талқылайды

Үш елдің министрлері «Мекке келісімін» Исламабадта талқылайды

26.11.2026
Гилан останында ядролық сәулелендіру бойынша жаңа орталық ашылды

Гилан останында ядролық сәулелендіру бойынша жаңа орталық ашылды

26.11.2026
The Economist: Таяу Шығыста соғыс азаяды, бірақ шынайы бейбітшіліктің ауылы әлі алыс

The Economist: Таяу Шығыста соғыс азаяды, бірақ шынайы бейбітшіліктің ауылы әлі алыс

26.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026

Басты жаңалықтар

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал — АҚШ пен Израиль саясатының салдары

Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал - АҚШ пен Израиль саясатының салдары

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.