Өзбекстан мен Қытай маусым айының бірінен бастап визасыз режим енгізеді.
Еуразия Тудейдің Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты жариялаған мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Өзбекстан мен Қытай арасындағы өзара визалық талаптарды алып тастау туралы үкіметаралық келісім аясында жүргізілген ішкі рәсімдер аяқталды.
Екі ел арасындағы 30 күндік визасыз режим туралы келісім келесі айдың бірінен күшіне енеді.
Келісімнің ережесіне сәйкес, екі елдің азаматтары визалық талаптардан босатылады. Бұл ретте азаматтардың екі мемлекет аумағында болу мерзімі 30 күннен аспайтын мерзімдегі кезеңге, ал 180 күн ішінде жиынтығында 90 күннен аспауы қажет. Егер 30 күннен асса, онда азаматтар алдын ала виза рәсімдеуі қажет.
СІМ визасыз режим қабылдаушы тараптың құзыретті органдарының алдын ала рұқсатын талап ететін еңбек қызметі, білім алу, тұрақты тұру және БАҚ үшін қолданылмайтынын ескертеді.
Министрліктің мәліметінше, аталмыш келісім Қытайдың Гонгконг пен Макао сияқты арнайы әкімшілік аудандарының аумағына бару үшін қолданылмайды.



















