Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев кеше, 27 наурыз күні Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еурокомиссия вице-президенті Кая Каллас бастаған делегацияны қабылдады.
Еуразия Тудейдің Өзбекстан Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, кездесуде өзара іс-қимылды кеңейту және бірлескен іс-шараларға дайындық мәселелері талқыланды.
Кая Каллас кездесуде Мирзиеевке Еуропа кеңесінің Президенті Антониу Кошта мен Еурокомиссия Президенті Урсула фон дер Ляйеннің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Тараптар ағымдағы жылдың 3–4 сәуір күндері Самарқанд қаласында өтетін “Орталық Азия – Еуропа Одақтың” бірінші саммитінің ұйымдастырылу барысына баса назар аударды.
Сонымен қатар, Ашхабад қаласында министрлік деңгейінде өткен көпжақты кездесудің нәтижелері жоғары бағаланды.
Сондай-ақ, кездесуде екі аймақ арасындағы сауда және логистика, соның ішінде Транскаспий көлік дәлізін дамыту, цифрландыру, жасыл энергетика, экология, инфрақұрылымды жаңғырту сияқты басқа да басым бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілету, бастамалар мен жобаларды жүзеге асырудың тиімді тетіктерін енгізудің маңыздылығы аталды.
Өзбекстанның Еуропалық Одақ институттарымен қарым-қатынасын одан әрі тереңдету мәселелері де талқыланды.
Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім қабылдау және Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ, халықаралық және аймақтық саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.












