Оман мен Өзбекстан сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында бірлескен жұмыс тобын құрады.
Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов 31 қаңтарда Оман Сұлтанатының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Вафо Джабр Насир Ал-Бусаидимен кездесуде белгілі болды.
ӨР Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша , кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту тақырыбы қарастырылды.
Оман тарапы осы саланың ауқымын кеңейту және өзара сауда көлемін ұлғайту үшін кешенді шара қабылдауға дайын екенін атап өтті.
Кездесуде өзара қызығушылық тудыратын өзге де мәселелер қаралды. Соның ішінде екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу, жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асырудың перспективалары және аймақтық көлік инфрақұрылымының даму болашағы бар.
Екі ел арасындағы барлық келісімнің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын анықтау және іскер топтар арасындағы серіктестік қарым-қатынас орнату мақсатында бірлескен жұмыс тобы құрылады.
















