Оман Ормұз бұғазындағы кеме қатынасы бостандығын қалпына келтіру үшін барлық тараппен жұмысты жалғастырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Оман Сыртқы істер министрлігі халықаралық құқыққа сәйкес Ормұз бұғазындағы кеме қатынасы бостандығын қалпына келтіру үшін барлық тараппен ашық әрі бейтарап жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.
Оман Сыртқы істер министрлігі Ормұз бұғазындағы кеме қатынасына қатысты келіссөздер мен бастамаларға тоқталып, Маскаттың халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес келетін ашық және бейтарап іс-қимылды сақтайтынын баса айтты.
Сондай-ақ, Оман Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Оман БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясына мүше мемлекет ретінде өз міндеттемелерін толық орындауға бейілді екенін растайды», — деп жазылған.
Сонымен қатар, Оман СІМ барлық тарапты халықаралық құқықты құрметтеуге және оны қатаң сақтауға шақырды.
Айта кетейік, Оман мұның алдында халықаралық құқық нормаларына табандылық танытатындықтан Ормұз бұғазы арқылы өту үшін баж салығын енгізуге қарсылығын мәлімдеген болатын.












