Ресейлік көрнекті филолог-ирантанушы, филология ғылымының кандидаты, профессор, орысша-парсыша сөздіктің авторы Грант Аванесович Восканян 2024 жылғы қаңтардың 17 күні 99 жаста қайтыс болды.
Восканян 1924 жылы 28 желтоқсанда Әзірбайжанның астанасы Бакуде дүниеге келген.
Восканян орысша-парсыша сөздікті 1971 жылы жаза бастады.
Тақырыпқа орай:
Мохсен Шоджаидің редакторлығымен дайындалған 1258 беттен тұратын, 32 мыңнан астам орысша сөздің аудармасын қамтитын сөздікті Ирандағы «Фарханге Моасер» баспасы басып шығарды.
Иран Ислам мәдениеті мен байланысы ұйымының басшысы Маһди Иманипур осы көрнекті ресейлік ирантанушының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Иманипурдың жолдауында: «Орыс-парсы сөздерінің құнды жинағының авторы, ресейлік көрнекті лингвист-ирантанушы, профессор Грант Авансович Восканиянның қайтыс болғаны туралы хабар қайғы-мұңға себеп болды.
Көзі тірісінде Ресейде ирантану мен парсы тілінің таралуына елеулі үлес қосқан осы көрнекті ирантанушы ғалымның қайтыс болуына байланысты ол кісінің артында қалғандары мен шәкірттеріне көңіл айтамын» деді.
Иран Ислам Республикасының Мәскеудегі елшісі Казем Джалали де X арнасындағы жолдауында: «Парсы тілі мен әдебиетінің барлық өкіліне көрнекті ирантанушы ғалым, орысша-парсыша сөздіктің авторы Грант Восканианның қайтыс болуына байланысты көңіл айтамыз.
Марқұм Восканянның парсы тілін таратудағы, әсіресе парсы және орыс тілдерін үйрену үшін құнды дереккөз болып табылатын сөздік құрастырудағы күш-жігері әрқашан жоғары бағаланады» деп жазды.
Восканян 1948 жылы Шет тілдері әскери институтын бітірген. 1957 жылдан КСРО-ның Ирандағы елшілігінде аудармашы қызметін атқарды. Полковник шенімен зейнеткерлікке шықты.
1996 жылдан осы уақытқа дейін Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Әскери университетінің Таяу Шығыс тілдері кафедрасының профессоры болды.










