БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен шұғыл кеңес өткізуді сұрады.
Еуразия Тудейдің РИА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Исламабад Джамму және Кашмир аймағындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен шұғыл кеңес өткізуді сұрады
Бұл туралы Пәкістан мен Грекияның Халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкілдіктері мәлім етті.
Биылғы жылдың мамыр айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ететін Грекия дипломаттары жабық консультация өткізу туралы өтініш түскенін, кеңестің бүгін, дүйсенбі күні сағат 15:00 өтетінін хабарлады.
Пәкістанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі де мәлімдемесінде: «Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленістің күшеюі және Джамму мен Кашмирдегі жағдай аймақ пен одан тыс жерде бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіреді», — деп жазылған.
Кездесуден кейін Пәкістанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Асим Ифтихар Ахмед баспасөз брифингін өткізеді.












