Бен-Гвирдің әрекеттері палестиналықтарды сайлау жәшіктерінің қасына келуге мәжбүрлегендіктен араб партияларының парламент орындарының шамамен алтыдан бірін жеңіп алуы – бұрын-соңды болмаған жағдай.
Батыс Азия мәселелері жөніндегі сарапшы Хусейн Мохаммади Израиль режимі сайлауының нәтижелері мен палестиналық жерлердегі арабтардың ерекше жоғары қатысуына тоқталып, осы аймақтағы араб азаматтарының белсенділігін Нетаньяху мен Бен-Гвирдің әрекеттерімен байланыстырады.
Оның айтуынша, басқыншы режимнің сайлауында сионистердің негізгі екі лагері де 51 орыннан иеленді, бірақ ең маңызды әрі таңқаларлық жайт араб тізімдерінің 18 орынға қол жеткізуі болды. Осы уақытқа дейін палестиналықтардың сайлауға мұндай көлемде қатысып, парламент орындарының шамамен алтыдан бірін жеңіп алуы – бұрын-соңды болмаған жағдай.
Бірақ палестиналықтардың осындай ауқымды әрі бұрын-соңды болмаған қатысуы арқылы бұл оқиғаны тудыруға қандай себеп түрткі болғанын білу сіздер үшін қызық болар. Бұл Нетаньяху үкіметіндегі соңғы 4 жыл бойы палестиналықтарға қарсы кез келген қылмысты жасаған екі экстремист қылмыскер — Бен-Гвир мен Смотричтің болуымен байланысты. Олардың әрекеттері 1948 жылғы палестиналық жерлерде тұратын палестиналықтарды сайлау жәшіктерінің қасына келуге мәжбүрлегендіктен олардың қатысуы осы сайлаудың нәтижелерін түбегейлі өзгертті.
Бұл жағдай Нетаньяхуды Бен-Гвирге шабуыл жасауға мәжбүр етті. Ол палестиналықтардың сайлау жәшіктерінің басына жаппай қатысуына және араб тізімдерінің 18 орынға ие болуына Бен-Гвирді басты себепкер етіп көрсетті. Израильдің премьер-министрі Бен-Гвирді осындай оқиғаның туындауына түрткі болды деп сынға алып жатса да, осы жағдайлар мен оқиғалардың түпкілікті шешім қабылдаушысы өзі Нетаньяхудің өзі болатын.
Палестиналықтардың ауқымды қатысуы мен дауыс көрсеткіштерінің өзгеруі кейбір кішірек партиялардың Кнессетке кіру үшін қажет дауыс жинай алмауына әкеп соқтырған көрінеді. Бұл жайт Бен-Гвирдің өз партиясын да айналып өтпеуі мүмкін. Әрине, алдын ала нәтижелер бір сағаттан кейін жарияланады, бірақ бұл өзгерістерге жалпы көз жүгіртіп көрейік. Мен өткен жылы екінші Отан соғысы мен Иранның басып алынған аумақтарға жасаған зымырандық шабуылдарынан кейінгі барлық талдауларымда: «Иранның мақсаты – дәл осы Бен-Гвир мен Смотрич сияқты қылмыскер сионистерге майдан мен мүмкіндік беру, ал либерализм мен технократияны жақтаушысымақ сионистерді ығыстыру», – деп атап көрсеттім.
Осы стратегияға сәйкес, Иранның мақсаты Палестинаны басқыншылардың билігін Нетаньяху мен Бен-Гвир сияқты өздері режимінің түбіне жететін қылмыскерлердің қолына тапсыру болды. Бүгін сіздер Бен-Гвирдің палестиналықтарға қарсы жасаған қылмыстық әрі жауыздық әрекеттерінің нәтижелерінің бірін көрдіңіздер.
Бен-Гвир кеше көшеге шығып алып, жаңа үкіметте әскери министр болатынын және Ғаза, Батыс шекара мен Ливанды жермен-жексен етуге бұйрық беретінін айқайлап жүрді. Дәл осындай сөздер мен ұстанымдар, әрине, оның бұрынғы әрекеттері палестиналықтардың намысына тиіп, қазіргі кезеңде өз тағдырларының бағытын өзгерту үшін сайлауға жаппай барып, қатысуына түрткі болды.
Палестиналықтардың қатысу көрсеткіші, әсіресе Негевте естілгенде, Бен-Гвир шу шығарып, дауыс зорайтқышты ұстап алып, көшеде жүгіріп: «Келіңдер, дауыс беріңдер, яһуди құрыды! Еврей мемлекеті құрыды! Арабтар бізді қуыпп жатыр, келіп дауыс беріңдер…» деп айқайлады. Бұл оқиға Израиль режимін жою үшін бұл режимнің ішкі болмысы мен шынайы бет-пердесінің өзі көрінуіне жол беру керектігін көрсетеді. Мұхаммед бен Салман сияқты қылмыскер тұңғиыққа батырған Сауд режимі тәрізді, басып алынған аумақтарда да еврей қорқаулары бұл режимді дәл осындай күйге түсіретін болады.












