АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон Израиль қауіпсіздігіне 4,4 миллиард доллар бөлді.
Катардың «Al-Araby Al-Jadeed» сайты АҚШ-тың әскери бюджеті туралы егжей-тегжейлі есеп жариялап: «Қазіргі заманғы ең үлкен әскери шығын» деп сипатталған қадаммен Дональд Трамп әкімшілігі 2027 жылға қарай АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагонның бюджетін 1,5 триллион долларға дейін ұлғайтуда.
Алдағы айларда Конгрессте мақұлдануы тиіс 118 беттік бұл құжат Израиль қауіпсіздігін қорғауға, қорғаныс базаларын біріктіруді бастауға және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға арналған бюджеттің айтарлықтай өскенін көрсетеді» деп жазды.
Пентагонның 2026 жылғы бюджетінің өзі әлемдегі 10 елдің, соның ішінде Қытай, Ресей және Еуропа елдерінің жиынтық бюджетінен асып түседі.
Президент Трамп бюджетті өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға арттыруды көздеп отыр.
Егер бұл жоспар іске асса, АҚШ-тың үлесі әлемдегі жалпы қорғаныс шығындарының 50%-ын құрауы мүмкін.












