Иран ғылыми контент өндіруден әлемдік көшбасшылардың алғашқы жиырма елдің қатарына енді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасы ғылыми зерттеулерінің сапасы мен ықпалы бойынша қарқынды өсім көрсетті.
Ислам әлемінің ғылымы мен технологиясын мониторингілеу институтының (ISC) соңғы деректеріне сәйкес, Иран ғылыми құжаттар өндіру бойынша әлемдегі жетекші жиырма елдің қатарында берік орнығып қана қоймай, дәйексөзделу қарқыны бойынша да көшбасшыға айналды.
ISC Президенті Мохаммад Меһди Алавианмеһрдің айтуы бойынша, 2024 жылы Иран әлемнің жетекші 20 елі арасында «пәндер бойынша нормаланған дәйексөзге алыну» бойынша ең жоғары өсім көрсеткішін тіркеді.
Алавиан Меһр: «2024 жылы бұл көрсеткіш 12,1 пайызға жетті. Мұндай нәтиже ирандық зерттеулердің халықаралық аренада айтарлықтай танымал болғанын және олардың ғылыми ықпалы (импакт-факторы) тұрақты түрде жақсарып келе жатқанын дәлелдейді», -деді.
Сарапшылардың пікірінше, Иранның бұл жетістіктері жарияланымдар санын жай ғана көбейтуден олардың сапалық маңызын арттыруға көшуімен байланысты.
Иранның негізгі жетістіктеріне ғалымдар мақалаларының әлемдік ғылыми қауымдастықта жиі дәйексөзге алынуы мен ғылыми инвестициялар тиімділігі бойынша көптеген бәсекелестен озып шығуы жатады. Бұл ретте ең жоғары өсім қарқыны жоғары технологиялық және іргелі ғылым салаларында байқалды.
















