Иран Президенті Масуд Пезешкиан әлемді құтқару үшін жаңаша ойлау қажеттігін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Масуд Пезешкиан Рим папасын Рождество мерекесімен құттықтауында айтты.
Президент Пезешкиан Рим папасы Лев XIV-ті католиктер атап өтетін Рождество мен келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Масуд Пезешкиан құттықтауында Иса Мәсіхтің дүниеге келуі еркіндікке ұмтылу, езгіге қарсы күрес және мейірім секілді жоғары рухани қасиеттерді еске салатынына тоқталып, бұл ізгі құндылықтардың Қасиетті Құранда да жоғары бағаланатынын баса айтты.
Иран Президенті: “Біз Алланың өсиеттері мен пайғамбарлардың ұлы ілімдерін басшылыққа ала отырып, бүкіл әлемде әділдік, бейбітшілік пен еркіндіктің салтанат құрғанына куә боламыз деп үміттенеміз”, — деді.
Масуд Пезешкиан қазіргі геосаяси жағдайға да баса назар аударып, әлемдік гегемондардың әрекеттерін сынға алды.
Пезешкианның айтуы бойынша, қазіргі дәуірде билігін пайдаланатын алпауыт державалардың қылмыстары әлемдік қауымдастықты соғыс пен күйреуге итермелеуде.
Иран Президентінің пікірінше, адамзаттың жаһандық мәселелерін ақыл, жаңа көзқарас, терең ойлау және пайымдаусыз шешу мүмкін емес.
Пезешкиан Рим Папасы және әлемдегі барлық христиандарға бейбітшілік пен бақ-берекеге толы жыл тіледі.
















