Иран Президенті Масуд Пезешкиан елінің жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеиге шабуыл жасауды Иранға қарсы жасалған соғысқа тең деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Масуд Пезешкиан X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Президент Пезешкиан: “Иран халқының өмірінде туындаған қиындықтардың басты себептерінің бірі – Америка Құрама Штаттары үкіметі мен оның одақтастарының көп жылдан бергі дұшпандық әрекеттері мен адамгершілікке жатпайтын санкциялары. Біздің еліміздің жоғарғы көшбасшысына қастандық жасау Иран халқына қарсы соғыс жариялаумен тең”, -деді.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп 17 қаңтар күні Politico басылымына берген сұхбатында Әли Хаменеиді Иранның толық күйреуіне және бұрын-соңды болмаған зорлық-зомбылық жасалғанына кінәләп, Иранға жаңа басшы іздейтін уақыт келгенін айтты.



















