Иран Президенті Масуд Пезешкиан келіссөздер сәтті болмаған жағдайда, елінде мәселелерді шешудің басқа да жүздеген жолы барын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Масуд Пезешкиан кеше, дүйсенбі, 26 мамыр күні Азад Ислам университетінің құрылған күніне арналған салтанатты шарада сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Президент Пезешкиан: “Университет өз жерін сүйетін, әрі осы елдің болашағын құруға ұмтылатын адамдарды тәрбиелеуі керек. Ел ішінде бірлік пен ынтымақтастық қажет. Егер біреу бізбен келіссөз жүргізгісі келмесе, біз қиындықтарға тап болмаймыз. Бізде мәселелерді шешудің бір емес, жүздеген жолы бар.
Егер бізде қажетті ерік болса, біз бәрін жасай аламыз. Егер олар бізбен келіссөз жүргізгісі келмей, бізге санкция салып, бізді аштықтан өледі деп ойласа, қателеседі. Біз тығырықтан шығудың жолын табамыз.
Мәселелерді шешудің жүздеген жолы бар. Тек бірігіп, элита өкілдеріне іс жүзінде әрекет етуге мүмкіндік беру керек”, — деді.
















