Иран Президенті Масуд Пезешкиан егер мұсылмандар бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтса, Газа секторында жасалып жатқандай қылмыстардың алдын ала алатындығына сенетінін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Президенті Масуд Пезешкиан бұл туралы Тунис Президенті Қейс Саидпен телефон арқылы сұхбатта айтты.
Иран Президенті Масуд Пезешкиан кеше, сәрсенбі күні кешке Тунис Президенті Қейс Саидпен телефон арқылы сұхбатта ол кісіні Ораза айт мерекесімен құттықтап, Президенттің өзі мен ел халқының құлшылығының қабылдануын тілеп, осы елдің Палестина халқының азаттыққа жету арманын қолдауы мен Газа секторының мазлұм халқын қорғаудағы ұстанымдарына алғыс айтты.
Пезешкиан сөзінің жалғасында: «Тунис Үкіметі мен халқының Газа мен Палестинаның мазлұм және қорғансыз халқының құқықтарын қолдаудағы адами және исламдық ұстанымына ризамыз. Біз мұсылмандардың барлығы бір бірімен бауыр екендігіне, егер өздерінің бірлігі мен ынтымақтастығын күшейтсе, Газадағы сияқты қылмыстардың алдын ала алатындығына сенеміз.
Бірлігі мен ынтымағы жарасқан Ислам халықтары сионистік режимнің Палестинаның мазлұм халқына қарсы қылмыстарын тоқтату үшін тиімді және ұжымдық күш-жігер жұмсайды деп үміттенемін.
Иран Ислам Республикасы ислам елдерімен, соның ішінде Туниспен қарым-қатынасын кеңейтуді құптайды», — деді.
Тунис Президенті Қейс Саид Пезешкиан мен Иран халқын Ораза айт мерекесімен құттықтап, барша мұсылмандарға осы ұлық мерекенің қайыры мен берекесінен нәр алуды тілеп: «Тунис халқы әрқашан Палестина мен Газаның мазлұм және жазықсыз халқының заңды құқықтарын қолдап, олардың қасынан табылды. Палестинаның езілген халқы астанасы Құдс болатын Палестина мемлекетін құруы керек»,-деді.
















