Иран Президенті Масуд Пезешкиан Еуропа мен АҚШ-қа қаратып айтқан сөзінде олардың адам құқықтарын қорғауын масқаралық деп атады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Масуд Пезешкиан қоғам мүшелері арасындағы бірлік пен келісімнің қажеттілігін атап: «Егер біз иық тірестіріп, бірге болсақ, ешбір үкіметтің біздің халқымыз бен елімізге қарауға батылы бармайды» деп мәлімдеді.
Президент Пезешкиан: “Ислам — жоғары дін. Біз бұл артықшылықты іс жүзінде көрсетуіміз керек. Бүкіл әлеммен бірлігіміз және ынтымақтастығымыздың арқасында біз бірге өмір сүреміз. Егер біз бірге болмасақ, жау бізге көз алартады.
АҚШ пен Еуропа адам құқықтары туралы айтқанымен, Газа секторы мен Ливанда жасалып жатқан барлық қылмыс туралы үндемейді. Мен олардың адамдар мен адамзаттың құқықтарын қорғайтынына сенбеймін. Сіздер қорғап отырған адам құқықтары — масқаралық», — деп баса айтты.



















