Иран Президенті Масуд Пезешкиан БҰҰ Бас ассамблеясының жыл сайынғы сессиясында Иран халқының үнін әлемге жеткізетінін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Масуд Пезешкиан БҰҰ Бас ассамблеясының 80-шы сессиясына қатысу мақсатында Нью-Йоркке аттанғанда бұл сапарды елінің ұстанымдары мен көзқарастарын әлемге жариялау үшін жақсы мүмкіндік деп атады.
Масуд Пезешкиан Нью-Йоркке Теһранның Меһрабад әуежайынан аттанар алдында сөйлеген сөзінде осы сапарының мақсаттарын түсіндірді: “Осы сапарда әділет, бейбітшілік, адамшылыққа негізделген ұстанымызды жариялаймыз. Кейбір мемлекеттердің басшыларымен кездесуім мүмкін. Америкада тұратын ирандықтар және сарапшылармен да отырыс өткіземіз”, — деді.
Пезешкиан сөзін жалғастырып: “Шындық пен әділдікті іздесек, қақтығыс болмайды. Егер тараптар бір-бірін түсінбесе, бұл диалог арқылы шешілуі керек, бірақ күшке жүгінген адаммен сөйлесу мүмкін емес.
Құқық, әділет, мемлекеттердің аумақтық тұтастығы аясында интегерацияға ие болуымыз керек. Израиль қауіпсіз болатын құқыққа ие болып қана қоятындай емес, басқа елдер де қауіпсіз болуы керек. Бұл сапар — бірегей мүмкіндік. Иран халқының сенімдерін анық дауыспен мәлімдейміз деп үміттенемін” — деді.
Айта кетейік, Пезешкиан осы сапарда БҰҰ Бас ассамблеясының 80-шы сессиясына қатысып, Жалпы дебатта сөз сөйлейді. Сонымен қатар Нью-Йорктегі осы бірнеше күндік сапарында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, кейбір мемлекеттердің басшылары және көшбасшыларымен кездеседі.












