Иран мен Швеция СІМ-лері Нью-Йоркте екіжақты байланыс жағдайын талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран мен Швеция Сыртқы істер министрлері Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-шы сессиясы аясында кездесіп, сұхбаттасты.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-шы сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркте сапармен жүрген Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи бүгін сейсенбі күні таңертең Швеция Сыртқы істер министрі Мария Малмер Стенергордпен кездесті. Кездесуде тараптар Иран мен Швецияның екіжақты байланысының жағдайын талқылады.
Сондай-ақ жалықаралық тақырыптар кешенін, әсіресе халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікпен байланысты оқиғаларды талқылап, барлық мемлекеттің заң үстемдігі мен БҰҰ-ның Жарғысына табанды болуы қажеттігін, әлемдік қауымдастықтың біржақтылық пен милитаризм үдерісінің күшеюімен байланысты ортақ алаңдаушылығы туралы сұхбаттасты.
Арақчи үкіметтердің барлығының Газа секторындағы геноцидті тоқтату мен сионист режимді халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті үздіксіз бұзуына байланысты жауапқа тартуда ортақ жауапкершілікке ие екенін қуаттады.

















