Иран Президенті Масуд Пезешкиан Батыспен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Масуд Пезешкиан кеше инаугурация кезінде сөйлеген сөзінде айтты. Масуд Пезешкиан Батыс елдерін өзара құрмет пен теңдікке негізделген қарым-қатынас орнатуға шақырып: «Біз Иранның әлемде қандай орын алатынын осы уақытқа дейін түсінбеген мемлекеттермен шиеленісті реттеу туралы келіссөз жүргізуге дайынбыз»,- деді.
Пезешкиан сондай-ақ, Ислам Республикасының басқа елдермен экономикалық қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге ұмтылатынына тоқталып: «Мен Иранның әлеммен экономикалық байланысты қалыпқа келтіруін елімнің ажырамас құқығы деп санаймын және қатаң санкциялармен күресте басымды имеймін»,- деп баса айтты.
Иранның жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианның ант беру рәсімі кеше, 30 шілде күні Тегеран қаласында Ислам кеңесі Мәжілісінде өтті. Оған 80-ге жуық шет мемлекеттің өкілдері мен Үкімет басшылары қатысты.



















