Иран Президенті Масуд Пезешкиан Мысырдан Йалда түніне жолдаған арнайы жолдауында: “Йалдалардың артында жарық пен нұр бар. Бүгінде бәрінен көбірек сұхбат пен тілеулестік, ынтымақ қажет”, — деді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан Йалда түніне орай Мысырдан жолдаған арнайы жолдауында: “Бүгін түнде Иранның үлкен отбасы сұхбаттасып, ынтымақтасады”, — деп жазды.
Пезешкианның құттықтауының толық мәтіні төмендегідей:
“Бүгінде бәрінен бұрын сұхбат пен тілеулестікке, ынтымаққа зәруіміз. Тілеулестік отбасы ортасында қалыптасады.
Жылдағы ең ұзақ түн — тілеулестік үшін ең жақсы себеп. Тілеулестік пен сұхбаттасу, өкпе-ренішті жойып, жүректеріміз жақындауы үшін Иранның үлкен отбасы бүгін түнде бірге отырып сөйлесіп, ынтымақ орнатады.
Бірге отырыстың бұл маусымы көңілдегі кірбіңді шаяды. Себебі, біз ирандықтар йалдалардың артында жарық пен нұр тұр деп сенеміз. Осы ежелгі мереке барлық ирандық үшін құтты болсын!”
Айта кетейік, бүгін желтоқсанның он тоғызынан жиырмасына қараған түні Иран халқы жылдың ең ұзақ түні Йалда мерекесін тойлайды.












