Иран Президенті Масуд Пезешкиан кеше, сейсенбі күні кешке Хезболланың жаңа бас хатшысы шейх Наим Қасемді құттықтады.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Пезешкиан жолдауында Хасан Насролланы еске алып, Ливан халқы мен Үкіметіне және қарсыласу майданының барлық жауынгерлерін шейх Наим Қасемнің Ливан Хезболласының бас хатшысы қызметіне сайлануымен құттықтады.
Масуд Пезешкиан жолдауында: «Осы маңызды тарихи сәтте Ливанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын, сондай-ақ қарсыласу майданы мен Палестинаның мазлұм халқының биік мұраттарын қорғаудың тарихи маңызы бар екені сөзсіз. Хезболланың басында сіз сияқты мінсіз беделге ие жарқын және көрнекті тұлғаның болуы қарсыласуға деген ерік-жігерді нығайтып, осы майданның марқұм болған жоғары дәрежелі басшыларының жарқын жолын жалғастырады деп сенемін.
Ислам үмбетінің бірлігі мен ынтымағы, мұсылман елдері қолдауының күшеюі, сондай-ақ, бүкіл әлемде оянған ар-ожданның қолдауы арқылы біз заңсыз сионистік режим агрессиясының тоқтатылуын және Газа секторы мен Ливанда және бүкіл аймақта бейбітшілік, тыныштық пен қауіпсіздіктің орнауын көреміз деп үміттенемін»,- деп жазылған.


















