Eurasiatoday
Воскресенье, 29 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Пезешкиан: ШЫҰ-на мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты күшейту қажет

  • ТОП жаңалықтар
  • 1 сентября, 2026 15:42

Loading

Иран Президенті Масуд Пезешкиан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты күшейту қажеттілігін баса айтты.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам Республикасының Президенті доктор Масуд Пезешкиан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының 26-шы кеңесінде сөйлеген сөзінде аймақтың ең маңызды қауіпсіздік пен экономикалық сын-қатерлерін баяндай отырып, тұрақтылықты нығайту және ортақ болашақты жоспарлау үшін мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты күшейту қажеттілігін баса айтты.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының соңғы жиырма жылдан астам уақыттағы ең маңызды жетістіктерінің бірі ортақ қауіпсіздік сын-қатерлеріне қарсы әрекет етуде өзара сенімділікті арттыру мен ынтымақтастық орнатуға платформа құру болды. Бұл ұйымның тәжірибесі тұрақты қауіпсіздікке тек текетірес арқылы емес, өзара сенім, мемлекеттердің егемендігін құрметтеу, ішкі істерге араласпау және үкіметтер арасындағы ынтымақтастық арқылы қол жеткізілетінін көрсетті.

Тақырыпқа орай:

Катардың бұрынғы Премьер-министрі «Парсы шығанағы НАТО-сын» құру туралы ұсыныс жасады

Катардың бұрынғы Премьер-министрі «Парсы шығанағы НАТО-сын» құру туралы ұсыныс жасады

28.11.2026

Бүгінде біздің аймақ күрделі әрі өзара байланысты қауіп-қатерлер жиынтығымен бетпе-бет келіп отыр. Терроризм, зорлық-зомбылық экстремизмі, есірткі тасымалы, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, киберқылмыс және жаңадан пайда болып жатқан қауіпсіздік қатерлері аймақ бейбітшілігі мен тұрақтылығына әлі де қауіп төндіруде.

Бұл қауіптермен қатар геосаяси бәсекелестіктің күшеюі, біржақты саясаттың артуы, әскери күш пен қуатты қолдану, біржақты әрі заңсыз санкциялар салу, экономика мен технологияны құрал ретінде пайдалану және халықаралық құқықтың негізгі принциптерін әлсірету дамып келе жатқан елдер мен жаңадан қалыптасып келе жатқан экономикалар үшін орасан зор алаңдаушылық туғызды.

Батыс Азия аймағындағы, Ирандағы, Ливандағы, Газадағы және Батыс жағалаудағы соңғы оқиғалар халықаралық құқық ережелерін елемеу және күш пен қысымға негізделген тәсілдерді жалғастыру тек мемлекеттердің қауіпсіздігіне ғана емес, бүкіл аймақ пен әлемнің тұрақтылығына қауіп төндіретінін тағы көрсетті.

2025 жылғы 13 маусымда және 2026 жылғы 28 ақпанда АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы жасалған шабуылдары БҰҰ Жарғысының негізгі принциптері мен халықаралық құқыққа, күш қолданбау принципіне және өмір сүру құқығына қарсы жасалған әшкере агрессия болды. Бұл агрессиялар Иранның Жоғарғы Көшбасшысының қаза табуына соқтырған үлкен қылмыспен басталды. Басқыншылар Минабтағы мектепке шабуыл жасап, 168 оқушы мен мұғалімді өлтірді. Сонымен қатар, дәл сол күні Фарс провинциясындағы Ламерд қаласындағы стадионға шабуыл жасалып, 200 адам қаза тауып, жараланды. Бұл 40 күндік соғыстың бірінші күніндегі үлкен қылмыстардың үш мысалы ғана. Осындай қатыгездікке қарамастан, Иран Ислам Республикасы батыр әрі қайсар қарулы күштерінің жоғары әлеуеті мен ардақты халқының жалпыұлттық қолдауына сүйеніп, АҚШ пен басқыншы режимді ауыр әрі стратегиялық жеңілістерге ұшыратып, жарқын жеңістерге қол жеткізді.

Бұл шабуылдар Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесіне және көне өркениетке жасалған қастандық болды. Сол агрессияны айыптап, Иран халқы мен үкіметіне көңіл айтқан ұйымдар мен барлық елге алғыс білдіреміз.

Иран халқының әскери, экономикалық нысандарға, инфрақұрылымдарға, тіпті мектептер мен ауруханаларға жасалған ауқымды шабуылдарға Иранның барлық дерлік қалаларында 40 күн бойы көрсеткен қарсылығынан кейін және АҚШ өзінің алдын ала белгілеген мақсаттарының ешбіріне жете алмаған соң, атысты тоқтатуға және соғысты аяқтауға мәжбүр болды. Екі дос әрі бауырлас ел — Пәкістан мен Катардың дәнекерлігімен өткен үш айға жуық келіссөздер нәтижесінде 2026 жылғы 18 маусымда «Исламабад өзара түсіністік меморандумы» ретінде белгілі келісімге қол жеткізілді. Алайда АҚШ-тың өз Президентінің қолы қойылған құжатқа адалдығы екі аптаға да созылмады. Олардың өз міндеттемелеріне қатысты асыра талап етуі мен уәдеден тануы басталды, бұл жағдай әлі де жалғасуда. АҚШ-тың өз міндеттемелерін бұзуы Иран тарапынан тиісті жауапқа тап болғаны өз-өзінен түсінікті. Дегенмен, мен АҚШ аталған меморандумдағы міндеттемелеріне қайта оралса, Иран Ислам Республикасы да дереу өзара сәйкес әрекет ететінін ашық айтамын. АҚШ-қа қарағанда, менің елім халықаралық міндеттемелері мен шарттарын орындауда жарқын тарихқа ие және әрдайым халықаралық құқықтың үстем принциптеріне сүйеніп әрекет етті.

Соңғы жылдардағы тәжірибе қауіпсіздік пен дамудың бір-бірінен бөлек ұғымдар емес екенін, олардың өзара тығыз байланысты және бөлінбейтін сипатқа ие екенін айқын көрсетті. ШЫҰ көпжақтылықта тиімдірек рөл атқару үшін қауіпсіздік пен экономикалық өлшемдерге бірдей көңіл бөлуі керек.

Ұйым ішіндегі сауданы дамыту, кедендік рәсімдерді жеңілдету, көлік дәліздерін дамыту, порттар мен логистикалық орталықтарды қосу, транзиттік әлеуетті арттыру және жеткізу тізбектерінің төзімділігін нығайту бұл ролді нақты әрі өлшенетін ынтымақтастыққа айналдыра алатын салалар болып табылады.

Осы экономикалық пайымды жүзеге асыру үшін Иран Ислам Республикасы мүше елдерге нақты үш бастама ұсынады:

Бірінші — қаржылық және банктік ынтымақтастықты арттыру. Бұған мүше мемлекеттер арасындағы есеп айырысуларда ұлттық валюталарды кеңінен пайдалану, одан әрі ортақ есеп айырысу және қаржыландыру тетіктері мен «Шанхай ынтымақтастық ұйымының банкін» құру кіреді. Бұл мүше елдердің экономикалық ынтымақтастық әлеуетін арттыруға және сыртқы іркілістер алдында сауда мен жеткізу шынжырларының әлсіздігін азайтуға жасалған тиімді қадам болып табылады.

Екінші — сауда мен инвестицияны қолдау институттарын дамыту.

Бұған Шанхай ынтымақтастық ұйымының Экспорттық сақтандыру және инвестициялар одағын құру кіреді. Бұл мүше елдердің қолдауымен тиісті нәтижеге жетеді деп үміттенеміз.

Үшінші — мүше елдердің энергияның түрлерін өндіру мен тұтынудағы жоғары әлеуетін ескере отырып, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту. «Шанхай ынтымақтастық ұйымының энергетикалық консорциумын» құру — осы идеяның нақты көрінісі. Бұл осы ұйымның кең географиясында энергия өндіру, ұсыну, тасымалдау және тұтынудың тұрақты үлгісі ретінде мүше елдер үшін оң нәтижелерге ие болып, ұйымның әлемдік энергетика нарығындағы орнын нығайта алады.

Терроризмге, экстремизмге және қауіпсіздікке төнетін жаңа қатерлерге жауап беру ұйымның институттық және сараптамалық әлеуетін нығайтуды талап етеді. Осы орайда Иран Ислам Республикасы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Қауіпсіздік зерттеулері сараптамалық орталығын құруды ұсынды. Бұл орталық мүше елдердің ғылыми, сараптамалық әлеуетін пайдалана отырып, жаңа қауіптерді анықтауға, қауіпсіздік саласындағы өзгерістерді бағалауға және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін кәсіби ұсыныстар беруге көмектеседі.

Бұдан бөлек, Иран Ислам Республикасы парламентаралық диалогты нығайту, заң шығару тәжірибесімен алмасу және мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты қолдау мақсатында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясын құру бастамасын ұсынды.

Иран Ислам Республикасы көпжақтылықтың болашағы біздің диалогты сақтау және тиімді ынтымақтастық тетіктерін құру бойынша ортақ қабілетімізге байланысты деп санайды. Осыған байланысты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының маңызы мен орнын қуаттап, бұл ұйымды жетілдіруге байланысты үдерістерге сындарлы әрі белсенді қатысуға, сондай-ақ оның ауызбіршілігін, тиімділігі мен интеграциясын нығайтуға бағытталған жаңа бастамаларды қолдауға әзірлігімізді білдіреміз.

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Катардың бұрынғы Премьер-министрі «Парсы шығанағы НАТО-сын» құру туралы ұсыныс жасады

Катардың бұрынғы Премьер-министрі «Парсы шығанағы НАТО-сын» құру туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
НАТО Украина арқылы әлемдегі әскери қауіпсіздікке қатер төндіруде

НАТО Украина арқылы әлемдегі әскери қауіпсіздікке қатер төндіруде

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
“Алғыс айту” күні — Американың байырғы халқын қырып-жою мерекесі

“Алғыс айту” күні — Американың байырғы халқын қырып-жою мерекесі

27.11.2026
Үш елдің министрлері «Мекке келісімін» Исламабадта талқылайды

Үш елдің министрлері «Мекке келісімін» Исламабадта талқылайды

26.11.2026
Гилан останында ядролық сәулелендіру бойынша жаңа орталық ашылды

Гилан останында ядролық сәулелендіру бойынша жаңа орталық ашылды

26.11.2026
The Economist: Таяу Шығыста соғыс азаяды, бірақ шынайы бейбітшіліктің ауылы әлі алыс

The Economist: Таяу Шығыста соғыс азаяды, бірақ шынайы бейбітшіліктің ауылы әлі алыс

26.11.2026

Басты жаңалықтар

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Тоқаев ШЫҰ саммитінде бірнеше маңызды бастама көтерді

Тоқаев ШЫҰ саммитінде бірнеше маңызды бастама көтерді

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.