ХАМАС бюросының басшысы Яхия Синвардың қазасы басқыншылық пен агрессияға қарсы күрестегі қарсыласу амалдарына кедергі келтірмейді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Президенті Масуд Пезешкиан Яхья Синвардың қазасына байланысты жолдаған көңіл айту жеделхатында мәлімдеді.
Пезешкиан оның өлімі басқыншылық пен агрессияға қарсы күрестегі қарсыласу амалдарына кедергі келтірмейтінін баса айтты.
Иран Президенті Масуд Пезешкиан жиһадшылардың ержүрек қолбасшы, ХАМАС басшысы Яхия Синвардың қазасына байланысты Газа секторының мазлұм халқы мен азаттық сүйгіш барша халыққа көңіл айтты.
Иран Президенті: «Агрессияға қарсы жиһад және басып алынған жерлердің шынайы иелеріне бостандық пен азаттық беру – осы жолдағы қаһармандарының қазасынан кейін де тоқтамайтын ұлы қозғалыс әрі биік мақсат», — деп жазды.
Al Jazeera агенттігінің мәліметінше, Газа секторында ХАМАС ұйымының жетекшісі Яхия Синвар Израиль күштерінің шабулынан қаза тапты. ХАМАС өкілдері Яхия Синвардың қайтыс болғанын растады.



















