Түркістан облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы кортежінің жүру бағытынан жасырылған қару-жарақ табылды.
Еуразия Тудейдің Polisia.kz арнасындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша Түркістан облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарағын тапты.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қыркүйекте Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.
















