Иран Президенті Масуд Пезешкиан кеше, жұма күні III Халықаралық «Еуразия» көрмесінің түрлі секцияларын аралады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Масуд Пезешкиан жұма күні Ресей, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Беларусь елдерінен келген сауда делегациялары мен 100-ден астам ирандық компанияның қатысуымен басталған көрмеге барды.
Президент Пезешкиан және онымен бірге көрмеге барған делегация бірқатар павильонды аралап, түрлі сала басшыларымен және мамандармен сөйлесіп, Еуразиямен сауда қатынасын дамытудың маңызды рөлін қуаттады.
Пезешкиан аталмыш көрмені Иранның Еуразиялық экономикалық одақпен сауда қатынасын дамытудағы маңызды мүмкіндік деп атады.
“Еуразия ЭКСПО 2025” халықаралық көрмесі мен “III Халықаралық «Еуразия» көрмесі” 21-24 ақпан аралығында Тегеранда өтеді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің лауазымды тұлғалары мен сауда делегацияларының, отандық сауда, ғылыми-бағдарланған және технологиялық компаниялардың қатысуымен өтетін бұл халықаралық іс-шара өзара іс-қимыл, тәжірибе, жетістіктермен алмасу, халықаралық ынтымақтастық және отандық өндірілген өнімдерді Еуразия елдеріне экспорттауды қамтамасыз ету мақсатында үш күн бойы өтеді.
















