Бүгін, қазанның оны күні Түркіменстан астанасына ресми сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ашхабад әуежайында түркімен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Ашхабад әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары орындалды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ, Президент Тоқаев Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады.
Түркіменстан президентінің ресми сайты Алтын Асрдағы мәліметке сәйкес, кездесу барысында Қазақстан басшысының Түркіменстанға биылғы сапары мен Ашхабадтағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындылары маңызды оқиғаға айналатынына және екі ел арасындағы ұзақ мерзімді көпқырлы әріптестікке жаңа серпін беретініне сенім білдірілді.












