Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Президенті Владимир Путиннің Иранның діни жетекшісі аятолла Хаменеидің жолдауына жауап бергенін хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге: «Иә, әрине, Иранның мәртебелі жетекшісіне министр арқылы ең жақсы тілектерін, сонымен қатар маңызды жауабын жолдады», — деді.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи кеше, сәуірдің он жетісі күні ресми сапармен Мәскеуге келді.
Арақчи сапар барысында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеидің жазбаша жолдауын тапсырды.
Аббас Арақчи журналистерге берген сұхбатта жолдаудың мазмұнында қазіргі әлемдегі мен аймақтағы маңызды оқиғалар, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынас мәселелері қамтылғанын айтты.












