Ресей президенті Владимир Путин Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Рафаэль Гроссимен Иранның ядролық бағдарламасын егжей-тегжейлі талқылағанын хабарлады.
«Біз ирандық әріптестерімізбен тығыз байланыстамыз. Олардың өзара қолайлы шешімдер табуға және АҚХА-мен сындарлы ынтымақтастықты қалпына келтіруге деген ұмтылысын сезінеміз. Жақында АҚХА бас директоры елімізге келгенде біз бұл мәселені егжей-тегжейлі талқыладық”, — деді.
Еске салайық, Рафаэль Гросси мен Владимир Путин 25 қыркүйекте Мәскеуде өткен Дүниежүзілік атом апталығында кездесті.
Путин екінші Ресей-Орталық Азия саммиті барысында: “Техникалық мәселелер әлі де бар, бірақ олардың барлығы, егер қол жеткізілген уағдаластықтар жүзеге асатын болса, бұл аймақтық өте күрделі мәселе бойынша түпкілікті келісімге қол жеткізуге ықпал етеді», — деді.
Владимир Путин бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен екінші Ресей-Орталық Азия саммитіне қатысты.
















