Ресей Президенті Владимир Путин мен АҚШ Президенті Дональд Трамп телефон арқылы бір жарым сағат сөйлесті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков брифингте мәлімдеді.
Бұл Ресей мен АҚШ президенттерінің соңғы үш жылдағы алғашқы сұхбаты болды.
Ресей Президенті Дональд Трамптың алдындағы Президент Джо Байденмен соңғы рет дәл осы күні, яғни 2022 жылдың 12 ақпанында сөйлескен болатын.
Песков: “Президент Путин мен АҚШ Президенті Дональд Трамп жуырда телефон арқылы сөйлесті. Екі ел президенттерінің сұхбаты бір жарым сағатқа созылды”, — деді.
Кремльдың баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, екі ел президенттері телефон арқылы сұхбатта Украинадағы жағдайды реттеу мәселесін талқылады. Трамп Украинадағы қақтығысқа мән беретінін айтып, қақтығысты тоқтатуға көмектесуге ниет білдірді.
Трамп соңғы апталарда Ресей Президентімен сөйлесу жөніндегі жоспарын бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Дональд Трамп Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Ақ үйде журналистерге Путинмен Украинаға қатысты кездесуі Сауд Арабиясында өтетінін айтты.


















