Ресей күрделі жаһандық жағдайға қарамастан, ислам елдерімен ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтуды жалғастыруда.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ресей Президенті Владимир Путин Мәскеудің күрделі жаһандық жағдайға қарамастан ислам елдерімен ынтымақтастықты тиімді түрде жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Президент Владимир Путин бұл туралы “Ресей-Ислам әлемі: KazanForum” XVI Халықаралық экономикалық форумына қатысушылар мен қонақтарға арналған құттықтау сөзінде айтты.
Ресей Президенті: “Көпұлтты еліміз ғасырлар бойы ислам елдерімен кең ауқымды ынтымақтастыққа ашық болды. Бүгінде халықаралық аренадағы қарым-қатынастың күрделі жағдайына қарамастан, Мәскеу экономикалық, ғылыми, білім беру, гуманитарлық және өңіраралық байланыстарды сәтті әрі жүйелі түрде кеңейтіп келеді”,- деді.
“Ресей-Ислам әлемі: KazanForum” XVI Халықаралық экономикалық форумы – Ресей мен Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған маңызды алаң.
Форум 13-18 мамыр аралығында Қазан қаласында өтеді.




















