Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь басшысы Александр Лукашенконы президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Еуразия Тудейдің Ақордаға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қазақстан мен Беларусь президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенконың телефон арқылы сұхбаты барысында екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, Беларусьтегі қаңтардың 26 күні өткен президенттік сайлауда Александр Лукашенко 86,82% дауыс жинап, жеңіске жетті. 1994 жылдан бері елін басқарып келе жатқан Лукашенко президенттік қызметін жалғастырады.
Александр Лукашенко алғаш рет 1994 жылы президент болып сайланған болатын. Кейін 2001, 2006, 2010, 2015 және 2020 жылдары қайта президент болып сайланды.
Беларусь, Президент сайлауы, Александр Лукашенко, Қасым-Жомарт Тоқаев
















