ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Иран Ислам Республикасына алдағы сапары аясында 2023 жылғы 24-26 сәуір аралығында Теһранда сауда-экономикалық миссия өтті.
Іскерлік іс-шараны ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырды.
Іс-шараға Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Иран-Қазақстан бірлескен сауда палатасының, Иранның Сауда-өнеркәсіп, тау-кен және ауыл шаруашылығы палатасының өкілдері және Иран тарапынан 150-ден астам контрәріптестер қатысты.
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың ақпараты бойынша, Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 2022 жылы $528 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8%-ға жоғары.
«Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымын $3 млрд-қа дейін ұлғайту біздің үкіметтер алдында белгіленген міндеттердің бірі болып табылады. Биыл біздің елдеріміз өзара тауар айналымын айтарлықтай арттыра алатынына сенімдіміз», — деп атап өтті Қайрат Төребаев.
Ирандық компаниялар қазақстандық фосфор тыңайтқыштарын, ферроқорытпаларды, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндірушілеріне жоғары қызығушылық танытты. Қарым-қатынастарды бұдан әрі дамыту және ынтымақтастықты жолға қою жөнінде алдын ала уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Сауда миссиясына 20 қазақстандық тамақ, химия, құрылыс және жеңіл өнеркәсіп және металлургия тауарларын өндірушілері қатысты.
Сауда миссиясының қорытындысы бойынша Иранға $60 млн астам сомаға қазақстандық тыңайтқыштарды, май өнімдерін, ІҚМ және ұсақ мал етін жеткізуге экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.
Сауда-экономикалық миссиясына қатысушылардың пікірінше, ирандық және қазақстандық компаниялар кәсіпкерлерінің кездесуі өзара түсіністік пен әріптестіктің жоғары дәстүрлі деңгейін көрсетті.
Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 2022 жылы $528 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8%-ға жоғары ($440,9 млн).
Қазақстандық экспорттың құрылымын негізінен бидай, арпа, күнбағыс майы, зығыр тұқымы, алюминий және қара металдар құрайды.

















