Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін 42 елдің нарығына экспорттауға рұқсат алды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуы бойынша 2026 жылғы мамыр айында елдің бүкіл аумағының вакцинациялау арқылы аусыл ауруы бойынша ресми түрде таза деп танылуы тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Азат Сұлтанов сонымен қатар өнімдерін экспорттау құқығына ие тізімге отандық 3630 кәсіпорын енгізілгенін айтты.
Экспортты ынталандыру шараларының арқасында қазақстандық өнімдер Марокко, Алжир, БАӘ, Вьетнам және бірқатар еуропалық елдің нарықтарына шыққан, сондай-ақ Әзербайжанға, Грузияға және Түркияға жеткізілім қайта жанданған.
Оның айтуы бойынша елде май-тоңмай саласы тұрақты дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша күнбағыс майының экспорты 41 пайызға, ал тазартылған күнбағыс май экспорты 2,1 есеге өскен.
2025 жылды қорытындысы бойынша Қазақстан ұн мен зығыр экспорты бойынша әлемде екінші, жасымық бойынша төртінші, күнбағыс майы бойынша алтыншы, бидай бойынша жетінші, арпа бойынша сегізінші орынға шығуымен әлемдік үздік ондыққа нық еніп, халықаралық азық-түлік нарығындағы стратегиялық орнын айқындады..
Аталған шаралар Қазақстанның әлемдік экспорттаушылар арасында жетекші орынды иеленуіне мүмкіндік берді.
Мемлекеттік қолдау шаралары, ветеринариялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі және өңдеу өнеркәсібінің дамуы арқасында Қазақстан шикізат беруші елден халықаралық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ірі әрі сенімді экспорттаушыға айналып келеді.
















