Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауындағы Ақтау портында алғашқы контейнерлік хабтың құрылысы басталды.
Еуразия Тудейдің Көлік министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша жобаны «Ляньюньган порты» АҚ және Ақтау теңіз сауда порты бірлесіп жүзеге асыруда.
Бұл жоба елдің халықаралық логистикалық жүйедегі ұстанымын арттырып, көлік-логистикалық саланың әлеуетін кеңейтеді. Нақтырақ айтсақ, хаб құрылысы Әзірбайжан, Грузия, Түркия арқылы Транскаспий бағытында контейнерлерді тасымалдауды ұлғайтуға және Қытайдан Еуропаға келетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағдарлауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта 20-дан астам арнайы техниканың көмегімен жердегі учаскені вертикальды жоспарлау бойынша жұмыс жасалып жатыр.
Айта кетейік, бүгінгі таңда теңіз порттары арқылы контейнерлік тасымалдар бойынша көрсеткіш 84 пайызға артып, 58 мың ЖФЭ құрап отыр. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша контейнерлік тасымалдардың өсуі 2,7 есе байқалады.
Аталған жұмыстарды 2025 жылдың ортасында аяқтау жоспарланып отыр.
















