Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мерекесі – Революция күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 1 қарашада Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент бейбітшілік пен ынтымақ қағидатын берік ұстанған Алжир мемлекетінің өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ, достық пен өзара түсіністікке негізделген мемлекетаралық қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Айта кетейік, Алжир Халық Демократиялық Республикасы Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1996 жылы 15 наурызда орнатылды.
















