Бидай транзитін Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрімен әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Ауылшаруашылық Министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауына сәйкес, статистикалық деректер бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша бидай импорты 1,3 млн. тоннаны құрады. Бұл іс жүзінде 2023 жылғы импорттың жылдық көлеміне тең, ал Қазақстанның ішкі нарығында өткен жылғы егіннің бидай қоры жеткілікті.
Мәселен, статистика деректері бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне республика бойынша шамамен 6,1 млн тонна астық қоры, оның ішінде бидай 5,1 млн.тонна, оның ішінде азық-түлік мақсатындағы бидай 4 млн. тонна болды.
Сонымен қатар, қабылданған шаралар мен қолайлы ауа-райының арқасында вегетациялық кезеңде астықтың жақсы өнімділігі болжанады. Бұл ауыспалы қорларды ескере отырып, астық нарығында артық ұсыныс жасайды.
Осыған байланысты, ішкі нарықты қорғау және кері экспорттау фактілерін болдырмау мақсатында 2024 жылғы 26 шілдеде Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидайдың транзитін, сондай-ақ, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына орын ауыстыруын қоспағанда, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін бидайды Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Бұйрық 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізіліп, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.












