Иранның жаңадан сайланған президентінің инаугурациясына қатысу үшін Теһранға сапармен барған Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін шілденің 30, сейсенбі күні таңертең президенттік мекемеде доктор Масуд Пезешкианмен кездесті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Пезешкиан кездесуде Иран мен Қазақстанның мәдени және өркениеттік ортақ кеңістікте өмір сүретініне тоқталып, аймақтың мәдени мақтаныштарын бәрімізге тиесілі деп атап: «Аймақтық одақ құрудағы талпыныс осы мәдени, өркениет кеңістігіндегі елдер арасындағы шекараларды азайтып, ынтымақтастықты арттыра түседі», — деді.
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Масуд Пезешкианды құттықтап, қызметіне табыс тілеп, Қазақстанның Иран Ислам Республикасымен қарым-қатынасын дамытуға үлкен мән беретінін айтты. Ол: «Қазақстан Иранмен экономикалық ынтымақтастық, сауда қатынасы, транзит және тасымалдау, мұнай-газ, өнеркәсіп, мәдени және ғылыми салалардағы байланысты кеңейтуге дайын және мүдделі. Қазақстан халқы Иран жерінің мәдениеті және өнерімен бала кездерінен таныс. Қазақстан халқы әсіресе иран ақындарына ерекше қызығушылық танытады», — деді.
Мәулен Әшімбаев сонымен қатар Баһарестан сарайында Ислам кеңесі Мәжілісінің спикері Мохаммад Бақер Қалибафпен кездесіп, сұхбаттасты.
Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы сондай-ақ, Иранның Ислам мәдениеті және байланыс ұйымының басшысы Мохаммад Маһди Иманимен кездесуде биыл қазан айында «Әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшылары» съезінде хатшылық пен жас дін көшбасшыларының кездесуін алғаш өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Ол Иранның сайланған президентінің инаугурация рәсіміне қатысуын өзі үшін үлкен мәртебе деп атап, Иран мен Қазақстан қарым-қатынасын дамытуға байланысты Пезешкиан және Қалибафпен өткізген кездесулеріне тоқталып: «Біз Қалибаф мырзамен кездесуде қарым-қатынасты арттыруды талқылап, оң нәтижеге қол жеткіздік», — деді.
Айта кетейік, Ислам революциясының жетекшісі аятолла сейіт Әли Хаменеи шілденің 28, жексенбі күні таңертең Иранның жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианның президенттік жарлығын мақұлдады.
Пезешкианның ант беру рәсімі бүгін, 30 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісінің қоғамдық отырыстары өтетін залында басталды.
Инаугурация рәсіміне 86 елдің өкілдері мен 600-ден астам отандық және шетелдік тілшілер қатысып, хабар таратуда.
















