Қазақстан мен Иран дипломаттары Қазақстан СІМ-де БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
Еуразия Тудейдің ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Әли Ақбар Жоукарды қабылдады.
Сұхбат барысында дипломаттар көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасып, БҰҰ жүйесінің ұйымдары шеңберінде өзара іс-қимылға ерекше тоқталды.
Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.
















