Қазақстан алдағы екі жылда Ауғанстанның Торғынды қаласынан Гератқа дейін теміржол бағытын салуды жоспарлап отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік министрінің орынбасары Мақсат Қалиақпаров 9 қыркүйек күнгі Үкімет отырысында мәлімдеді.
Қалиақпаров жобаны 2026-2027 жылдары жүзеге асыруға ниетті екеніне тоқталып: “Бүгінгі таңда қаржыландыру құрылымы пысықталып, инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде”, — деді.
Көлік министрінің орынбасары Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру Ауғанстанға Пәкістан мен Үндістан нарығына шығу үшін жүктерді экспорттауға және транзиттеуге мүмкіндік береді.
Мұның алдында Қазақстан бұл жобаны ілгерілету үшін Герат қаласында көлік-логистикалық компания құруды көздеп отырғанын хабарлады.
Сонымен қатар, Қазақстан теміржол бойына талшықты-оптикалық кабель тартуды жоспарлап отыр. Бұл байланысты, поезд қозғалысының қауіпсіздігін, соның ішінде оларды басқаруды жақсартып, көлік дәлізі бойындағы цифрлық инфрақұрылымды дамытады. Сондай-ақ, елді мекендерді болашақта жоғары жылдамдықты интернетке қосуға мүмкіндік ашады.
Жолдың ұзындығы 120 шақырымды құрайды.




















