Қазақстандық үш жүз талапкер 2024-2025 оқу жылында Түркия Республикасының Türkiye Bursları гранттық бағдарламасы аясында Түркияның мемлекеттік университеттерінде оқуға мүмкіндік алды.
Еуразия Тудейдің ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл бағдарлама – Түркияда жоғары білім алу үшін толық қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, шетелдік студенттерді қолдауға бағытталған негізгі бастамалардың бірі.
Әлемнің түкпір-түкпірінен талантты талапкерлерге арналған Türkiye Bursları бағдарламасы 1991 жылдан бері жұмыс істейді.
Осы уақытқа дейін Қазақстаннан бұл грантты 9 мыңнан астам студент иеленді. Биылғы оқу жылына арналған грантқа ие болған қазақстандық студенттердің тізімі тамыз айында жарияланды.
















