Қазақстаннан Иранға астық экспорты 18 есеге өсті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, «Қазақстан Теміржолы» компаниясының деректеріне сәйкес, 2024-2025 жылдың қыркүйек–ақпан айларында Қазақстан тасымалдаған 7,4 млн тонна астықтың 5,8 млн тоннасы экспортқа тиесілі болған. Соның 700 мың тоннасы Иранға жөнелтілген.
Өзбекстанға 2,2 млн тонна экспортталды. Бұл 2023-2024 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 34 пайызға артық. Тәжікстанға 857 мың тоннамен өсім 49 пайызды, Ауғанстанға 248 мың тоннамен өсім 36 пайызды құраған. Иранға жеткізілім 18 есеге немесе 700 мың тоннаға, Әзірбайжанға жеткізілім 90 есеге немесе 363 мың тоннаға өсті. Соның нәтижесінде елдің астық экспорты 53 пайызға өскен.
Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда тасымалданған 466 мың тонна ұнның 314 мың тоннасын экспорт құрады.
















