Алматыда орналасқан «Biz Birgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қоры Ош облысында сел салдарынан зардап шеккен қырғызстандықтарға 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Еуразия Тудейдің Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бүгін, 19 шілдеде, гуманитарлық жүк Қырғызстан-Қазақстан шекарасынан өтті.
«Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қорының басшысы Перизат Қайраттың айтуы бойынша, гуманитарлық көмек ішінде күнделікті қолданылатын азық-түлік және гигиеналық заттар бар.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 14 шілде күні Қырғызстанның Ош облысында толассыз жауын салдарынан өзен тасып, қатты су тасқыны жүрді.



















