Қазақстанның әскери-әуе күштері А-400М әскери-көліктік ұшағымен толықты.
Еуразия Тудейдің ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Алматыда Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қарулы күштердің авиаторлары мен іс-шара қонақтарын осы оқиғамен құттықтады.
Қорғаныс ведомствосының басшысы іс-шараға қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтады.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов: «Заманауи, ұтқыр, жоғары технологиялық армия қашанда елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қорғаныс қабілетін нығайтудың кепілі болып қала береді. Бүгін мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында біз жеке құрамды, ауыр жүктерді, техниканы тасымалдауға, гуманитарлық операциялар шеңберіндегі тапсырмаларды орындауға арналған әскери-көліктік ұшақ алдық», – деді.
Әуе кемесінің техникалық сипаттамалары төмендегідей: А-400М әскери-көліктік ұшағы 37000 кг жүкті тасымалдауға қабілетті. Максималды жылдамдығы сағатына 802 км. Ал ұшу биіктігі – 12200 м, практикалық қашықтығы – 7870 км.
Естеріңізге сала кетейік, Airbus Military авиажасау концернімен екіжақты ынтымақтастық бүгінде еліміздің Әскери-әуе күштерінде сәтті пайдаланылып жүрген С-295 ұшақтарын сатып алған 2013 жылы жолға қойылған болатын.


















