«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы екі аптаға жабылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Қорғас орталығы 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жабық болады
Орталықтың жабылуының себебі ҚХР-да Қытай Жаңа жылының мерекеленуіне және осыған байланысты «Қорғас» ШЫХО-ның қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты деп хабарланды.
Аталған кезеңде Қазақстан тарапында туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2 наурыз 2026 жылдан бастап Орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы — Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан бірегей сауда-экономикалық аймақ.
Бұл жерге Қазақстан мен Қытай азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер 30 күнге дейін визасыз кіріп-шыға алады.
Орталық екі елдің шекарасын біріктіріп тұрған арнайы экономикалық аймақ болып табылады.















